«Масс-медиа туралы» заң жобасы осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Депутаттар «Масс-медиа туралы» заң жобасын қарауға кірісті
1,383
оқылды

Мәжілісте депутат Асхат Аймағамбетов «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытындыны жариялады.

«Аталған заң жобалары Үкіметтің заң жобалау жоспарына сәйкес әзірленді. «Масс-медиа туралы» заң жобасы осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Ілеспе заң жобасында 3 кодекс пен 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті осы жобаларды жұмысқа алуға дайын», - деді Аймағамбетов.

Осылайша, Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы мен «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жұмысқа алды.