Сүңгуірлер 2006 жылы туған студенттің денесін жағадан 20-25 метр қашықтықта, 2-3 метр тереңдіктен тапты.
Павлодарда жасөспірім суға батып кетті
1,291
оқылды

Павлодарда суға батып кеткен колледж студентінің денесі табылды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 15.33-те қашықтан басқару пультіне Усолка көпірінің маңында адам суға батып бара жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері екі құтқару қайығымен шыққан. Сондай-ақ төрт медициналық қызметкер, 7 полиция қызметкері және ТЖД үш қызметкері жұмылдырылған.

«Өкінішке қарай, жасөспірім құтқарушылар жеткенге дейін суға батып кетті. Іздеу жұмыстары жүргізілді. Сағат 16.06-да сүңгуірлер 2006 жылы туған студенттің денесін жағадан 20-25 метр қашықтықта, 2-3 метр тереңдіктен тапты», - деді департаменттен.