Тәртіп сақшылары «Тосқауыл» арнайы жоспарын енгізіп, 30 жастағы жүргізушіні ұстады
Атырауда мас жүргізуші үш баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті
1,730
оқылды

Атырау облысында мас жүргізуші үш баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды і “Мой город” сайты.

Оқиға 5 маусым күні сағат 21:00 шамасында Исатай ауданы Жанбай ауылында болған.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, «102» оператор пультіне «ВАЗ-2114» көлігі Сейфуллин көшесінің бойында үш жасөспірімді қағып кетіп, белгісіз бағытта қашып кеткені туралы ақпарат түскен. Хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторы мен патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларына кіріскен.

Тәртіп сақшылары «Тосқауыл» арнайы жоспарын енгізіп, 30 жастағы жүргізушіні ұстады.

Оқиға салдарынан 10 және 9 жастағы балалар түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Кейінірек белгілі болғандай, жеңіл көліктің жүргізушісі жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйінде болған. Іс сотқа жіберілді, ер адам жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.