Роза Бағланова атындағы «Қа­зақ­концерт» ұйымына қарас­ты Astana Musical мемлекеттік театры сахналаған «Роза Бағ­лан­ова» қойылымы Оңтүстік Корея­да өткен Daegu International Musical Festival фестивалінде «Үздік халықаралық мюзикл» номинациясын жеңіп алды.
Отандық қойылым озып шықты
803
оқылды

Аталмыш байқау – жыл сайын Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында әлемнің түкпір-түкпірінен театрлар мен шығармашылық ұжымдарды жи­найтын беделді халықаралық мюзи­кл фестивалі. Биыл ол 17-рет өтті. Astana Musical ұжымы оған алғаш рет қа­тысты. Әртістер Кореяға Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауы­мен барды.

Қазақстандықтар бір марапатпен шектелмеді. Қойылымда басты кейіп­кер Роза Бағланованың рөлін сомдаған актриса Зарина Макина үз­дік әйел рөлі үшін жүлдеге ие бол­ды. Ол Англия, Германия және Фран­циядағы әріптестерінен басым түсті.

«Бұл – Қазақстан театр өнерінің айшықты жетістігі. Astana Musical әртістері көрермен қауымды талан­тына тәнті етіп, әлем жұртшылығының қазақ мәдениеті туралы биік көзқарас қалыптастыруына сеп болды. Мен елімізге жеңіс сыйлаған әртістерге алғыс айтамын және олар­ды шын жүректен құттықтаймын. Олар­ға сарқылмас шабыт пен жаңа шығар­машылық биіктерді бағын­дыру­ды тілеймін», – деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.