Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті.
Бұл сапардың маңызы зор
1,118
оқылды

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолында бұл сапардың маңызы зор екенін айтты. Сондай-ақ ол біздің еліміз ЕҚЫҰ-ны халықаралық қауіпсіздіктің заманауи келбетін қалыптастыруға белсенді қатысып келе жатқан маңызды институт ретінде қарастыратынын жеткізді.

«Қазақстан ЕҚЫҰ-мен барлық негізгі бағыт бойынша нәтижелі қарым-қатынас орнатты. Сенат үшін парламентаралық ынтымақтастық басым­дыққа ие. Біз ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блеясымен байланысты одан әрі дамытуға мүд­деліміз. Парла­менттік Ассамблея халықаралық деңгейде қауіп­сіздік пен ынтымақтастыққа қатысты негізгі мін­дет­терді шешу жолында зор мүмкіндікке ие екені сөзсіз», – деді Палата Спи­кері.

Сонымен қатар кездесуде көлік және логис­тика, климаттың өзгеруі, экология, су ресурстарын басқару сияқты бірқатар өзекті мәселе әңгімеге арқау болды.

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан рефор­малардың іске асырылу барысына да тоқта­лып, мұндай өзгерістер еліміздің қарқынды да­муын қамтамасыз ететін құқықтық негіз қалыптас­тыратынын айтты.