Алтай Көлгінов қызметінен кетті.
Тоқаев Алтай Көлгіновті қызметінен босатты
2,662
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. Қ. А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. 

Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әртүрлі лауазымда қызмет атқарады. 

2008-2010 жылдары жекеменшік компанияда қызмет етті. 

2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 

2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 

2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды. 

2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды. 

2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы желтоқсан аралығында – Астана қаласының әкімі. 

2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.