Жетісу облысында тауға шыққан ер адам жоғалып кетті.
Жетісуда сарқырама маңайында шай ішкен блогер жоғалып кетті
3,231
оқылды

36 жастағы алматылық Дамир Кушеев Текелі қаласының маңындағы тауларда хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам 7 маусым Қора шатқалындағы Бұрқанбұлақ сарқырамасына велосипедпен барған. Бөгет жанында тұрып соңғы рет тікелей эфирге шыққан. Қорықшы шай берген. 

Байланыс үзілгеннен кейін Кушеевтің жұбайы оны табуға көмектесу туралы Төтенше жағдайлар департаментіне өтініш жазған. Арызды Ескелді ауданының полицейлері де тіркеп, жедел іздестіру шараларына кірісті. 

Қазір таулы аймақта полицейлер мен ТЖД-ның қызметкерлері, кинологтер іздестіру иттерімен ер адамды іздеп жатыр.

Дамир Кушеев саяхатқа велосипедпен баруды ұнатады. TikTok-та саяхаты туралы жариялап отырады. Ескелді ауданындағы туыстарында қонақта болған. 

Жоғалып кеткен ер адамды көрген-білгендер болса мына телефондар арқылы хабарлауды сұрайды: 8 747 558 1508, 708 252 2008, 102 немесе 112.