Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысты.
Президент: Қарапайым адамдардың өмірі қиындағанын мойындауымыз керек
1,843
оқылды

Жиында Президент CNN журналисі, форум модераторы Ричард Квесттің сұрағына жауап берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Журналист: «Президент мырза, Сіз делегаттар мен қатысушыларды диалогке шақыратын ашықтық пен төзімділік туралы айттыңыз. Жалпы, форумның сәтті өтуіне қатысты көзқарасыңыз қандай?»  деген сауал қойды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Меніңше, біз қазіргі проблемалардың, адамның өміріне қауіп төндіретін мәселелердің мәніне тереңірек үңілуіміз керек. Шын мәнінде, әлемдегі қарапайым адамдардың өмірі қиындай түсті. Біз, ең алдымен, мұны мойындауымыз керек. Екіншіден, біз атышулы мәселелерге ғана назар аудармауымыз керек. Біз осы шеңберден шығып, бәрімізді біріктіретін мәселелер туралы айтуға тиіспіз. Қысқаша айтса, осы мәселелерді шешуіміз керек. Менің көзқарасым бойынша, диалог пен пікір алмасу және сіз айтқан әділдік текетірестен, соғыс пен қақтығыс идеологиясынан жоғары тұруға тиіс», – деп жауап берді. 

Бұған дейін форумда Арал теңізінің тағдыры талқыланғанын хабарлаған болатынбыз.