Тексеру барысында су қоймасы маңында жасөспірімдер жанжалдасқаны, соңы төбелеске ұласқаны анықталды.
Семейде жаппай төбелесте пышақ жарақатын алған 13 жасар бала қайтыс болды
2,625
оқылды

6 маусымда Абай облыстық балалар клиникалық ауруханасына пышақ жарақатымен 13 жастағы жасөспірім түсіп, медицина мекемесінде көз жұмды,  деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.

Тексеру барысында су қоймасы маңында жасөспірімдер жанжалдасқаны, соңы төбелеске ұласқаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Төбелескендердің бәрі анықталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазіргі уақытта бірқатар тергеу шаралары жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы  1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді»,  деп хабарлады полиция.

Полиция ата-аналардың жасөспірімді қараусыз қалдыруы олардың арасында жазатайым оқиға немесе құқықбұзушылық жасауына себеп болатынын еске салады. Тәртіп сақшылары балаларға бақылау мен жауапкершілікті,  олардың қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейту қажеттігін атап өтеді.

Фото: polisia.kz