Ол әлеуметтік желілер арқылы ұзақ уақыт бойы колледждің жас студенттерін жезөкшелікпен айналысуға тартқан.
Қостанайда жезөкшелікпен айналысуға тартқан жеңгетайлық бойынша қылмыстық схема ашылды
1,071
оқылды

Қостанайда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жезөкшелікпен айналысуға тартқан жеңгетайлық бойынша қылмыстық схеманы ашты,   деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ Қостанай қаласының 39 жастағы тұрғынын анықтады. Ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұзақ уақыт бойы қалалық колледждердің бірінің жас студенттерін жезөкшелікпен айналысуға тартқан.

«Алдымен ол массаж шебері ретінде жұмысқа орналасу туралы сұхбат жүргізіп, кейін ол қыздарға ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсетумен айналысатындықтарын айтты.

Қыздарды ол жеке күзетпен, әртүрлі жалдамалы пәтерлерде клиенттерді таңдаумен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ жеңгетай қысқа мерзімде жақсы табыс табуға уәде берген.

Аталған бизнесті ұйымдастырушы жезөкшелікпен айналысуға 10-нан астам қызды тартқаны белгілі болды.

Полицейлер қылмыс жасау тетігін және қылмыстың барлық қатысушыларын толық анықтады», – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.

Жалдамалы пәтерлер мен тұрғылықты жерлерге тінту жүргізу барысында жеке заттар, телефондар мен 5 млн теңгеден астам қаражат және 8 мың ресей рублі тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 308-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: Polisia.kz