Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 1,71 теңгеге төмендеп, 1 доллар 444, 85 теңге болды.
Доллар бағамы 1,71 теңгеге арзандады
1,620
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 1,71 теңгеге төмендеп, 1 доллар 444, 85 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 446, 65 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 448 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443 теңге болса, сатып алу – 447 теңге.  Алматыда Ресей рублі 5,37-5,61 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,35-5,45 теңгеден ұсынылуда.

Фото: 365info.kz