Абай облысында орман өртеніп жатыр.
Абай облысындағы өртті сөндіруге Астанадан вице-министрді жіберді
1,002
оқылды

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет мамандары ормандағы өртті сөндіру үшін жанталасып жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Өртті сөндіру үшін ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300-ден  астам адамы, 70 техника жұмылдырылды.

4 тікұшақ тартылды. Өрт аумағын аэровизуалды тексеріп, өрт ошақтарына су шашып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес, күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына ТЖ вице-министрі М.Күлдіков жіберілді.

Жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында Островский атындағы білім беру мекемелеріне эвакуациялық пункттерді орналастырды.