Алдағы күндері атмосфералық фронт әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай жарқылдап, жел соғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
10-12 маусымда солтүстік, шығыс, орталық пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауып, оңтүстік-батыс, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Барлық аймақта ауа температурасы төмендейді.
Сонымен, ыстық солтүстікте, шығыста +20+29°С дейін, орталықта +20+33°С дейін, 11-12 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында +23+28°С дейін бәсеңдейді.