Белгілі болғандай, 2007 жылы туған бала 8 маусымда мал қарауға кетіп, оралмаған.
Шымкентте мал қарауға кеткен 15 жастағы бала өлі табылды
2,369
оқылды

Қаратау ауданы "Тұран-1" ықшамауданынан мектеп оқушысының мәйіті табылды,  деп хабарлайды Otyrar.kz. 

 

Белгілі болғандай, 2007 жылы туған бала 8 маусымда мал қарауға кетіп, оралмаған. Денесі таңғы сағат 4.50-де Новостроек көшесінен табылды, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Дене жарақаты анықталмады. Жасөспірімнің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

«Жасаөспірім – 15 жаста, №72 орта мектепте оқыды, инклюзивті білім алған. Мінез-құлқы жақсы, сабақтан қалмайтын. Бүгін мектепке келіп, емтихандар тапсыруы керек еді. Таңертең ата-анасына хабарласып, қайғылы хабарды естідік. Басы айналып құлап, басын қатты ұрып алған болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр. Отбасына қайғыра көңіл айтамыз», деді  №72 орта мектептің директоры Бегмат Усманов. 

Баланың неден көз жұмғанын сот-медициналық сараптама көрсететін болады.