Алматы әкімдігі Түрксіб ауданының аумағында сумен жабдықтау желілерінің құрылысы мен абаттандыруды сапасыз жүргізген мердігерлердің үстінен арыз түсірді.
Мердігерлер жауапкершілікке тартылады
1,037
оқылды

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, белгіленген кестеден қалып қойған мердігерлер заң алдында жауап береді. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша көпқабатты 

«Жас Қанат» тұрғын үй кешенің құрылысына жа­уапты – Hadid және «Промкомплект» Б компания­ларына қатысты іс сотта қаралып жатыр. Сонымен қатар тұрғын үй кешенінің айналасын абаттан­дыруды өз мойнына алған «СК ШАХ» ЖШС-ға қатысты талап-арыз дайындалуда. Әкімдік атқа­рыл­маған жұмыстардың өтемін қайтаруды және оларды мемлекеттік сатып алу мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.