Палата Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросының отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.
Ұлттық қордан «базарлық» қалай беріледі?
1,084
оқылды

Депутаттардың талқылауына бірінші оқылымда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау  мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер ұсынылады.

 Бұл заң жобасын Парламент депутаттары Мемлекет басшысының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әзірледі. 

Алдағы жалпы отырыста «Кәсіптік біліктілік туралы» және оған ілеспе заң жобасы екінші оқылымда қаралатын болады.  

Сонымен қатар депутаттар орман шаруашы­лығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты, сондай-ақ ҰҚШҰ Жарғысына өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманы ратификациялауға байланысты заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін айқындайды.