Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ау­даны­ның Луговой стансасында полицей қызметтік көлігімен жаяу жүргінші жола­ғын­да қыз баланы қағып кетті. Аталған іс бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр.
Полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті
1,258
оқылды

«Жаяу жүргіншінің сот-медициналық сарап­тамадан өтуден бас тартуына байланысты полиция қызметкеріне қатысты «Жаяу жүргiншi­лердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушы­лары­ның жүруiне басымдық бермеу», яғни, Әкім­шілік құқық бұзу туралы кодекстің 600-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Аталған бап 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 34 500 теңге көлемінде айыппұл салуды көздейді», – деп хабар­лады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.