Ақордада Мемлекет бас­шысы Босния және Герце­говина Прези­диумы­ның Төрағасымен кездесу өт­кізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Желька Цвияно­вичке ілтипат білдіре оты­рып, Ас­тана ха­лықаралық фору­мының жұ­мысына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.
Тиімді ынтымақтастыққа жол ашады
1,193
оқылды

Президент бұл сапар екі­жақты қарым-қатынастарды дамытуға және  ауқымды мәселе­лер бойынша өзара тиімді ынты­мақтастықты іске асыру үшін жақсы мүмкіндіктерге жол аша­тынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Босния және Герцеговинаны Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Балқан ай­мағындағы перспективті сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын айтты.

Өз кезегінде Желька Цвия­нович қонақжайлық көрсетіп, жылы қабылдағаны, сондай-ақ Астана халықаралық форумына шақырғаны үшін алғыс айтты. Бұдан бөлек, ол аталған форум­ды өткізудің маңыз­дылығын атап өтіп, оның аясында ха­лықаралық ынтымақтастық пен жаһандық экономиканың қазіргі жағ­да­йына қатысты жаңа бастамалар айтылғанын жеткізді.

Тараптар сондай-ақ халық­аралық және өңірлік күн тәр­ті­біндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.  

Өзара сенімге негізделген ке­ліссөздер сындарлы және маз­мұн­ды сипатта өтті. Келіссөздер нә­тижесінде екіжақты ынты­мақ­тас­тықты жандандыру бо­йын­ша уағдаластыққа қол жет­кізілді.