"Қазгидромет" РМК 11 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болатынын болжайды. Синоптиктер өрт қаупі еліміздің барлық аймақтарында сақталатынын жеткізді.
Ертең Қазақстанның 11 өңірінде күн қатты ысып, өрт қаупі күшейеді
5,172
оқылды

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде күн қатты ысиды деп болжанады.

9 өңірде төтенше өрт қаупі сақталып отыр:

- Түркістан қаласында;

- Ақтөбе;

- Қызылорда;

- Алматы;

- Маңғыстау;

- Жамбыл;

- Абай;

- Ақмола;

- Жетісу облыстарында.

Облыстардың жекелеген учаскелерінде төтенше өрт қаупі жоғары екені байқалады:

- Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде;

- Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында;

- Ұлытау облысының орталығында,  Қарағанды өңірінің оңтүстігінде;

- Қостанай облысының оңтүстік жартысында;

- Павлодар облысының солтүстігінде.

- Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.