Қайтыс болған тағы 9 адамның жеке басы нақтылану үстінде
Семейде өрт кезінде қаза тапқан орманшылардың кім екені нақтыланды
1,169
оқылды

Абай облысындағы орман өрті салдарынан қазап тапқан 5 орман қызметкерінің кім екені нақтыланды.

Абай облысындағы орман өртін сөндіруге қатысып, қаза тапқан 5 орман қызметкерінің жеке басы анықталды. Облыс полицейлері өрт орнында хабар-ошарсыз кеткен 14 адамның денесін тапты. Қазіргі өрт кезінде қайтыс болған тағы 9 адамның жеке басы нақтылану үстінде.

Ақпаратта айтылғандай, бүгінде өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шарасы жүріп жатыр.

«Біз қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан орман қызметкерлерінің отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», - дейді ведомстводан.