ҚР Экология министрлігі Абай ауданындағы өрт және 14 адамның өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Тергеу Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі – "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша жүргізілуде.
Семейдегі өртке байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды
1,214
оқылды

Естеріңізге сала кетейік, 9 маусым күні таңертең өрттің ауданы шамамен 30 мың гектарды құрады. Алайда кешке оның ауданы 60 мың гектардан асты. Семейде өртке байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. 9 маусым күні кешке Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинға Абай облысына өрт орнына баруды тапсырды. Сонымен бірге 9 маусым күні кешке үш адам қайтыс болғаны белгілі болды. Ақпарат көзінің хабарлауынша, техника жетіспеген, өрт кеш сөндіріле бастаған, өрттің таралуы туралы қате болжам жасалған. Сондай-ақ 10 маусымға қараған түні Абайда өрттің Қазақстанның ең ірі гидроэлектростансасы  – Шүлбі ГЭС-на жақындап келе жатқаны белгілі болды, алайда облыс әкімдігінде өрттің ГЭС-ке жақындағанын жоққа шығарады.

Семей маңындағы үш ауылдың тұрғындары эвакуацияланды. Эвакуацияланғандар үшін облыс орталығында тоғыз пункт дайындалды. 9 маусымда түн ортасына таман Ақорда Тоқаевтың Вьетнамға сапарын кейінге қалдырғанын және Абай облысындағы өрт аймағына ұшуға ниетті екенін хабарлады. Сондай-ақ Президент Абайдағы өртпен күресу үшін барлық қолда бар ресурстарды жұмылдыруды тапсырды. 

Осы сәтте Абай облысының аумағындағы өрт Greenpeace мәліметтері бойынша, әлемдегі ең ірі болып шықты.

Абай облысындағы өртті сөндіруге әскерилер тартылып, оқиға орнына Қорғаныс министрі барғаны белгілі болды. 

Сонымен бірге жағдай тұрақталғаны хабарланды.