Әнші Бақыт Шадаева әріптесі Сейфуллин Жолбарыспен арада болған дауға қатысты ашып айтты. Бақыт Шадаеваның үйін алып, ақшасын бермей кеткені жайлы бұдан бұрын да БАҚ беттерінде жазылған еді. Енді өнер иесі Сейфуллин Жолбарыс "әр сұхбатында өзіме шабуыл жасайды" деп өкпесін жеткізіп отыр. Ол бұл туралы
Базарlike бағдарламасына берген сұхбатында әңгімелеп берген, – деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
Көргім де, естігім де келмейді: Бақыт Шадаева Сейфуллин Жолбарыстың ерсі қылығын айтып қойды
1,906
оқылды

"Осы тақырып көтерілгелі бері екеуміздің арамыз мүлде жаман болып кетті. Ол жігіттің жауап бергеніне ішім ашиды. Оны көргім де, естігім де келмейді. Өйткені ер азамат жігіт болу керек қой қалай болғанда да. Дұрыс жауап беру керек қой. Әйелдің қасында басын ие салса да артық болмас еді. Оның үстіне, мен одан үлкенмін. Оның бәрін ұмытып, тек өзін қорғап алып жатыр. Онысы дұрыс емес. Ол іште қалған өкпе. Әрине, досыңыз сіздің үйіңізді тартып алса, сіз ұмыта аласыз ба? Егер де сізге жауап бермей жоғалып кетсе, оның үстіне әрбір сұхбатында сіздің өзіңізге шабуыл жасаса. Қалай қарайсыз? 

Бұл дау алған үйімнің ақшасын бермегендіктен шыққан. Бұл жерде мен зардап шеккен",  дейді.

"Сіз орындап жүрген хит әндердің авторы Сейфуллин Жолбарыс болып, даудан кейін әндерді басқа әншілерге таратып бергені рас па?" деген журналист сауалына:

"Иә, солай жасап жатыр. Білгенін істей берсін. Мен ол әндерді қазір айтпаймын. Біріншіден, уақыт өтіп кетті. Ол әндерді мен кезінде орындадым. Мен көп нәрсе жасадым Сейфуллин үшін. Бауыр ретінде, дос ретінде, талант ретінде",  деген Бақыт Шадаева.