Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қызметінен кетті.
Тоқаев Аружан Саинды қызметінен босатты
2,806
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда Қызылордада дүниеге келген. 

Тележүргізуші Алматыдағы №138 гимназияда оқыған.

1993 жылы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсіп, Экология және мониторинг кафедрасында білім алған.

1994 жылы «Аружан және компания» продюсерлік орталығын ашқан.

2006 жылы «Милосердие» қайырымдылық қорын құрды. 

2009 жылы Алтын жүрек сыйлығын алды. 

Телеарнадағы қызметі:

1993 – Хабар телеарнасындағы күнделікті «Разминка» бағдарламасының тележүргізүшісі.

1994-1999 – «Тез және тәтті» (кейіннен «Жұлдызды меню») бағдарламасының тележүргізушісі.

1994-2000 – «Еркемай» бағдарламасының тележүргізушісі.

2006 – Ел Арнадағы «Ана мектебі» танымдылық бағдарламасының тележүргізушісі.

2010 – «Сабырлық, тек сабырлық» ток-шоуын жүргізді.

2011 – «Бүлдіршіндерге өмір сыйла» бағдарламасында жүргізуші болды. 

2019 жылдың 18 шілдесінен бастап – Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды.