Елді мекендерге қауіп жоқ.
Абай облысы Талица ауылына жақындаған өрт сөндірілді
1,174
оқылды

Абай облысында үш бағытта (оңтүстік, батыс және шығыс) өртті сөндіру жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 300-ден астам бірлік техника жұмылдырылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ-нің мәліметінше, өртті сөндіруге 14 тікұшақ тартылды. 2 000-нан астам тонна су төкті.

Кеше жел соғып, өрт Талица ауылына қауіп төндірді. Өрт сөндірілді.

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов оқиға орнынан өрт сөндіру жұмысын қадағалап жүр. 

Қазіргі уақытқа дейін жедел желіге 104 қоңырау түсті. ТЖМ және ТЖД жедел желі телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31.

«Қазгидрометтің» дерегі бойынша, 11 маусым күні  жауын-шашынсыз, солтүстік-батыс, солтүстік 9-14 м/с жел, екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде, күндіз ауа температурасы – 25-30 градус.

13 маусымда  жауын-шашынсыз, солтүстік-батыс, солтүстікте  9-14 м/с жел, екпіні 15-20 м/с дейін болады деп күтілуде, ауа температурасы түнде – 12-17 градус, күндіз – 27-32 градус.