Абай облысында ормандағы өрт әлі сөнбеді.
Аманжол Әлтаев: Ормандағы өрт ошағына бір трактор барған
4,097
оқылды

Шығыста өрт сөндірушілер, мамандар өртпен арпалысып жатыр. Өртті сөндіруге жел кедергі келтіріп тұр. Бұл туралы Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.   

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаевтың пікірінше, орман өртін сөндіруі тиіс мамандар дайын болмады. Тіпті желдің бағытын да білмеген. Салдарынан 14 адам қаза тапты. Сондықтан экологиядан бастап төтенше жағдайлар саласының қызметіне толықтай реформа қажет.

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев: «Ең алғашқы өрт басталған алғашқы минуттардан бастап бір жарым сағаттың ішінде сол өрт болған жерге жалғыз ғана трактор барған. Шынжыр табанды техника, не деген сұмдық?.. Мен осы өрттен қаза тапқандардың отбасына, бала-шағасына, әкесінен айырылған балаларға қабырғам қайысып көңіл айтамын», – дейді. 

Айта кетейік, бүгін Абай облысындағы өрттің түтіні Жетісу облысына жетті. Мамандар түтінге тұншықпас үшін тұрғындарға бетперде тағуды сұрайды. 

Фото: baq.kz