Қаратал өзенінің маңында зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің денесі табылды.
Талдықорған қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысының денесі Қаратал өзенінің маңынан табылды
2,221
оқылды

Қаратал өзенінің маңында Талдықорған қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Барманованың мәйіті табылды. Ақпаратты Жетісу облыстық Полиция департаменті растады.

"Қаратал өзенінің маңында зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің денесі табылды. Өлім фактісі қалалық ішкі істер органдарында тиісті тексеруді ұйымдастырумен ресми тіркелді. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. 

Ол 2016 жылдан 2022 жылға дейін қалалық білім бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

Кейін оның лауазымына Жандос Жолдыханов келді. Орнына келген Жандос Жолдыханов 280 миллион теңге пара алды деген күдікке ілініп, қамауда отыр.