Ол курорттық аймаққа отбасымен бірге барған.
Бурабайда сэлфи жасамақ болған әйел таудан құлап,  мерт болды
1,232
оқылды

Ақмола полицейлері Бурабай курорттық аймағының аумағында «Бөлектау» тауынан құлаған жас әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Оқиға 11 маусымда болған. Қайғылы жағдайдан бір күн бұрын марқұм жұбайымен және кәмелетке толмаған балаларымен бірге Бурабай ауданының аумағына Астанадан келгені белгілі болды.

«Бөлектау тауының бақылау алаңына көтерілу кезінде әйел суретке түскісі келген, алайда ол 15 метр биіктіктен құлап, тасқа соғылды. Өлім фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция қызметкерлері аймақ тұрғындары мен қонақтарынан сақ болуды және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды», – делінген хабарламада.