Өңірге «Жастар рухының» 250-ден астам волонтері келді.
«AMANAT» партиясы Абай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуде
708
оқылды

«AMANAT» мүшелері Абай облысындағы қайғылы оқиғаның алғашқы сағатынан-ақ жергілікті тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, партияның өңірлік филиалы жанынан гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды. Мұнда жалпы сомасы 10 млн теңгеге бірінші кезекте қажетті заттар мен азық-түлік өнімдері жеткізілді.

Абай облысының мәслихатындағы «AMANAT» депутаттық фракциясының жетекшісі Тұрарбек Әзекеновтің бастамасымен «Семей орманы» орман шаруашылығының қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына материалдық көмек ретінде «Қазмырыш» АҚ 1 млн теңгеден бөледі.

Шығыс Қазақстан облысындағы партиялықтар да шет қалмай, 5 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті. Бұл – жеке бас гигиена заттары, бір рет қолданылатын ыдыс-аяқтар, азық-түлік пен дәрі-дәрмектер.

«Жастар рухы» Жастар қанаты жасақтаған волонтерлер тобы өрттен зардап шеккен және эвакуацияланған тұрғындарға белсенді көмек көрсетіп жатыр. Оқиға орнында Астана қаласынан, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 250-ден астам волонтер қолғабыс етуде. Олар гуманитарлық көмек жинау пунктіне жеткізілген заттарды қабылдап, оны Талица, Успенка және Каштак елді мекендеріндегі зардап шеккен тұрғындарға таратып жатыр. Бұған қоса, волонтерлер тобы өрт сөндірушілерге арнап ыстық тамақ ұйымдастыруда. Сонымен қатар еліміздің өзге аймақтарынан тағы 300-ден астам волонтер келеді деп күтілуде.