Облыста қазіргі кезде өртке қарсы күрес жалғасуда.
Сенаторлар «Семей орманы» кәсіпорнының қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына біркүндік жалақысын аударды
1,135
оқылды

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты алапат өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қайғырып көңіл айтты.

Сенат депутаттары мен Сенат Аппаратының қызметкерлері «Семей орманының» қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсету қорына бір күндік жалақысын аударды.

Сенат депутаттары Ольга Булавкина, Айнұр Арғынбекова және Қайрат Тастекеев жағдайды жергілікті жерде бағалау мен тиісті көмек көрсету үшін өңірге барған болатын. Облыста қазіргі кезде өртке қарсы күрес жалғасуда. Арнайы қызметтер, әскерилер мен еріктілер облыс тұрғындарына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін Үкіметке қаза болғандардың отбасыларына тез арада көмек көрсетуді тапсырып, тиісті мемлекеттік органдар қайғылы оқиғаға тергеу жүргізетінін атап өткен болатын.