Жигули Дайрабаев сайлауға шын жүрегімен сенгенін айтады.
«Екінші Қосановсың деп жерге қаратты» –  Жигули Дайрабаев сайлау кезіндегі қиындықтарын еске алды
863
оқылды

Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаевқа 2022 жылғы Президент сайлауы кезінде сайлаушылармен кездесуде түрлі ауыр сөздер естіп, сенімсіз байқаған. Бұл туралы Abay LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында айтып берді. 

«Маған «сен екінші Әміржан Қосановсың ба?» деген сұрақ көп қойылды. Халықпен кездесуді сайлау науқанында туған ауылымнан бастадым. Сонда ең жақын ағам, әкемнің Әмірқұл деген інісі 400 адам жиналған залда «Сен бізді Қосанов сияқты жерге қаратпайсың ба? Елге шыныңды айт, қойылымға қатысып жүрсің бе?» деп айтып тастады. «Мен шынымен түсіп жатырмын, қолдаңыздар. Мен халық үшін қызмет етемін, халықтың азаматымын. Сіздердің араларыңызда жүретін қарапайым президент болғым келеді, елдің мүддесін қорғаймын. Реформа жасаймыз» дедім», – деп еске алды Дайрабаев. 

Ол сайлауға шын жүрегімен сенгенін айтады. 

«Кейбіреулер жаныңды жейтін сауалдар қояды. «Сен менің жанымды жемеші, онсыз да өз жанымды жеп жүрмін. Бермесең дауысыңды бермей-ақ қой. Бірақ зығырданымды қайнатпа» деп те айтқаным бар. Ондай сөзді тыңдап тұру ауыр тиеді екен», –  деп еске алды депутат. 

Айтпақшы, ол Абай Сейфулланың «Сізге сайлауға қатысқаныңызға ақша берді ме немесе депутат болғаныңыз кандидаттығыңызға тартылған сый ма?» деген сұрағына бәрі өз қалауымен болғанын, депутаттық партияның ұсынысы екенін айтып жауап берді.