Парламент Сенаты алапат өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендердің от­басыларына қайғырып көңіл айтты.
Біркүндік жалақысын аударды
673
оқылды

Сенат депутаттары мен Сенат Аппаратының қыз­меткерлері «Семей орманының» қаза тап­қан қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсету қорына біркүндік жалақысын ау­дарды.

Сенат депутаттары Ольга Булавкина, Айнұр Арғынбекова және Қайрат Тастекеев жағдайды жергілікті жерде бағалау мен тиісті көмек көрсету үшін өңірге барған болатын. Облыста қазіргі кезде өртке қарсы күрес жалғасуда. Арнайы қызметтер, әскерилер мен еріктілер облыс тұрғындарына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін Үкіметке қаза болғандардың отбасы­ларына тез арада көмек көрсетуді тап­сырып, тиісті мемлекеттік органдар қайғылы оқиғаға тергеу жүр­гізетінін атап өткен болатын.

фото: ашық дереккөз