«AMANAT» партиясы мүшелері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлері Абай облысында өрттен зардап шеккен және эвакуацияланған тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр. Өңірге «Жастар Рухының» 250-ден астам волонтері келді.
«AMANAT» мүшелері тұрғындарға көмек көр­сетіп жатыр
898
оқылды

«AMANAT» мүшелері Абай облысындағы қайғылы оқиға­ның алғашқы сағатынан-ақ жер­гілікті тұрғындарға көмек көр­сетіп жатыр. Атап айтқанда, партияның өңірлік филиалы жанынан гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды. Мұн­да жалпы сомасы 10 миллион теңгеге бірінші кезекте қажетті заттар мен азық-түлік өнімдері жеткізілді. Оқиға орнында Ас­тана қаласынан, Абай және Шығыс Қазақстан облыстары­нан келген 250-ден астам волон­тер қолғабыс етіп жатыр. Олар гуманитарлық көмек жинау пунктіне жеткізілген заттарды қабылдап, оны Талица, Успенка және Каштак елді мекендеріндегі зардап шеккен тұрғындарға та­ратады. Бұған қоса, волонтерлер тобы өрт сөндірушілерге арнап ыстық тамақ ұйымдастыруда. Еріктілер кеше Өскемен қала­сынан келіп жеткен гумани­тар­лық көмекті үйлестіруге ат­са­лысты. Сонымен қатар төтенше жағдай орын алған жерге елі­міздің өзге аймақтарынан тағы 300-ден астам волонтер келеді деп күтілуде.

Абай облысының мәслиха­тын­дағы «AMANAT» депутаттық фракциясының жетекшісі Тұрарбек Әзекеновтің баста­масымен «Семей орманы» ор­ман шаруашылығының қаза тапқан қызметкерлерінің от­ба­сыларына материалдық көмек ретінде «Қазмырыш» АҚ 1 млн теңгеден бөледі.

Шығыс Қазақстан об­лысын­дағы партиялықтар да шет қал­май, 5 тоннадан астам гуманитар­лық көмек жөнелтті. Бұл – жеке бас гигиена заттары, бір рет қол­данылатын ыдыс-аяқтар, азық-түлік пен дәрі-дәрмектер.

Өрт болған өңірге аманаттық депутаттар да аттанған болатын. Мәжілістегі «AMANAT» пар­тиясы фракциясының депу­таттары Нұртай Сабильянов, Ринат Зайытов, Мақсат То­лықбай, Самат Нұртаза әуелі Семей қаласында өрттен зардап шеккен Талица ауылының тұр­ғындарымен кездесіп, олардың қал-жағдайын білді. Эва­куа­цияланған ауыл тұрғындары Семей қаласының медициналық колледж жатақханасына ор­наластырылған болатын. 

Одан соң Талица ауылындағы өрт сөндірушілермен жүздесу кезінде халық қалаулылары осы сала қызметкерлерінің мате­риал­дық-техникалық базасын, еңбек жағдайын және әлеуметтік қамсыздандыруды жақсартудың өзекті мәселелерін талқылады. Олар құтқарушыларды өрт сөн­діру техникасының тапшы­лығы мен тозығы жетуі мәселесі пар­тияның ерекше бақылауына алынып, жақын арада тиісті шешімін табатынына сендірді.

Абай облысындағы өртті сөн­діру жедел штабының мә­ліметінше, төтенше жағдайға арнайы өрт сөндіру техникасы, тракторлар мен басқа да қажетті құралдар жұмылдырылған. Өрт маңында мамандардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдас­тырылған. Өртті сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмыл­дырылған. Полиция қызметкер­лері де осы төрт ауылды қоршап, мародерлерден, ұры-қарыдан халықтың мүлкін сақтауда.

«Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының бір топ депутаттарымен бірге эва­куация пункттерінде болдық. Эвакуацияланған тұрғындармен әңгімелесіп, хал жағдайларын білдік. Абай облысында 800 адамға дейін сыйымдылығы бар 9 эвакуациялық пункт дайын­далды. Озерки ауылдық окру­гінің Каштак, Половинки, Теп­каши және Талица ауылдарының 50 тұрғынын, оның 13-і бала, Қалматаев атындағы жоғары медициналық және М.Әуезов атындағы педагогикалық кол­ледждері қабылдады. Эвакуа­циялық пункттер келушілердің уақытша тұруы үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етті. Осы пункттердің әрқайсысында ыстық тамақпен қамтамасыз ету және бірінші кезекте қажетті заттарды беру ұйымдасты­рыл­ған. Халықты жедел эвакуа­циялау үшін 10 автобус жіберілді. Қажет болған жағдайда көмекке мұқтаж барлық адамдарды қа­былдау үшін қосымша эва­куациялық пункттер ұйымдас­тырылады», – деді Абай облыс­тық мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов.

Ал облыстық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының депутаты, Бала құқықтары жө­ніндегі өңірлік уәкіл Эльзира Жүнісова балалар орналас­ты­рылған эвакуациялау пункт­теріне барып, оларға жасалған жағдайды тексерді. Абай облысы аумағында 51 бала эвакуация­ланды. Оның 13-і Семей қала­сын­­дағы екі жатақханаға орна­лас­­тырылды. Яғни, 8 бала Д.Қал­­­матаев атын­дағы медици­на­лық кол­леджде, 5 бала М.Әуе­зов атындағы педа­го­гикалық кол­ледж­де жайғасты­рылды.

Нұрлан ҚОСАЙ