Абай облысында ауа райының қолайсыздығынан өртті өшіру мүмкін болмай жатыр.
«Көліктер 1970 жылғы ескі, аяқкиімді әлі алмадық» – «Семей орманының» басшысы бар шындықты айтты
4,172
оқылды

Жел бағытының жиі өзгеруі де өрт сөндірушілерге қиындық туғызды. Әуеден тікұшақпен су шашып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

14 адам қаза тапқан апаттан соң Президент Абай облысына барып, өртенген орманды тікұшақпен барлап қайтты. Ал «Семей орманы» директорының міндетін атқарушы өрттің өршуіне техника, мамандарға арнайы киімнің тапшылығын айтты.

Оның айтуынша, «Семей орманында» техника мен арнайы киім жетіспейді. 

«Өзім осы міндетті алғаныма бір ай ғана уақыт болды. Бізде бәрі шынын айтқанда, ескі машиналар. Көбі 1970-1980, 1990 жылғы машиналар, арнайы киімді 3-5 жылда алып тұрады. Түскен киімдерді береді. Аяқкиімдерді алған жоқпыз», – дейді «Семей орманы» табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі бас директорының міндетін атқарушы Мұрат Зарлықұлы. 

«Хабар 24» арнасына проблемаларды айтқан Мұрат Зарлықұлы 14 орманшы өрт жайылғанда әріптестері қашып үлгере алмағанын да айтты. 

Бұған дейін орманшы Серікжан Тоқтасынның әкесі басшының орынбасары әйел адам болғандықтан, өрт ошағына ұлын жұмсағанын айтқан еді.

Фото: "Хабар 24" арнасының сюжетінен скриншот