Шымкенттіктер Абай облысында орман өртеніп жатқанда мерекені атап өтпейтін болды.
Абай облысында орман өртеніп жатқанда Шымкентте қала күні мерекесі өткізілмейді
1,168
оқылды

Шымкент әкімдігі Абай облысында орман өртеніп, 14 адамның қаза тапқан апаттан кейін қала күні мерекесін атап өтуді кейінге қалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында қала күні кейінге шегерілгені туралы хабарлама жарияланды. Жыл сайын 19 маусымда аталып өтетін мерекені шымкенттіктер Республика күнімен қатар тойламақ.

«Биыл Абай облысында орман өртеніп жатқандықтан, қала күніне жоспарланған мерекелік іс-шараларды Республика күні қарсаңында өткізу жоспарлануда», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше Қазақстан халқы ормандағы өрт ішінде қалып, қаза тапқан 14 орманшының қазасынан кейін аза тұтты.