Жол апаты кезінде автобус ішінде жүргізушіден бөлек жолаушылар да болған
Шымкентте тағы бір жолаушылар автобусының тежегіші істен шыққан
4,192
оқылды
№103 бағыттағы қоғамдық көлік Бәйтереков көшесі бойындағы бағанаға соғылған. Оқыс оқиға 13 маусымда күндіз Халыққа қызмет көрсету орталығы маңында болған, деп хабарлайды otyrar.kz.

«Отырар» телеарнасындағы «Шұғыл шақырылым» бағдарламасының тілшісі оқиға орнынан табылып, апатқа ұшыраған автобус жүргізушісімен тілдесті. Ер адамның айтуынша, ол бағанаға әдейі соқтығысқан. Әйтпесе мұның соңы қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін еді. Себебі көліктің тежегіші істен шыққан екен.

Жол апаты кезінде автобус ішінде жүргізушіден бөлек жолаушылар да болған. Абырой болғанда олар зардап шеккен жоқ.

«Осындай қадам жасауыма тура келді. Жолдан шығып, бағанаға қарай рөлді бұрдым. Траекторияны есептеп, соған соғылдым. Әйтпесе басқа көліктерге соғылып, үлкен жол апаты болуы мүмкін еді»,-деді автобус жүргізушісі.