Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 1 526 рет су төгілді
ТЖ министрі: елді мекендерге қауіп жоқ
877
оқылды

ТЖМ басшысы барлық күштер мен құралдар орман өрттерінің елді мекендерге өтуіне жол бермеу бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын атап өтті.

Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 900-дан астам адам, 360-қа жуық техника жұмылдырылған.

Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 1 526 рет су төгілді, жалпы көлемі 4 486 тоннаны құрайды.

Өртті сөндіру +270-ден +320С-ге дейінгі жоғары температуралық фонмен, жану алаңының ауқымдылығымен және солтүстік, солтүстік-шығыстан секундына 14 метр жылдамдықпен соққан желге, күндіз оның екпіні секундына 20 метрге дейін жетуіне байланысты қиындады.