Бурабай курорттық аймағында ҰҚҚ КБ қызметкерлері бопсалаушылар тобының жолын кесті.
Бурабайда бопсалап кредит алғызып, ақша талап ететін жас жігіттер ұсталды
1,922
оқылды

Бурабай курорттық аймағында Ақмола облысының ҰҚҚ КБ қызметкерлері бопсалаушылар тобының жолын кесті. Бұл туралы Aikyn.kz cайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Арнайы операция нәтижесінде, Щучинск қаласында Бурабай ауданының аумағында бопсалаумен айналысатын жас жігіттердің қылмыстық іс-әрекеті тоқтатылды. 

Ұзақмерзімді тексеру жұмысы барысында бопсалаушылардың жергілікті тұрғындарды, негізінен, жастарды мобильді банкинг арқылы ақшалай және тауарлық несие алуға мәжбүрлегені, ал бас тартқан жағдайда зорлық-зомбылық көрсетіп,  қорқытқаны белгілі болды. 

Қылмыстық іс тіркелді. Арнайы операция барысында полицейлер тінту жүргізді. Ұялы телефондарды тәркіледі. 

4 дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы  1-бөлігі және 194-бабының 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр. Полиция бөліміне 8 күдікті жеткізілді. Оның 4 -і уақытша ұстау изоляторына қамалды.