«Қазгидромет» РМК 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанда екі-үш күнде үсік жүреді
17,320
оқылды

Болжам бойынша, еліміздің солтүстігі мен шығысында үсік жүреді.

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстары қысымның жоғарылау аймағында болады. Бұл өңірлерде түнде ауа температурасы +2+10°С-қа дейін төмендейді, топырақ бетінде -2°С үсік жүреді, ал күндіз ауа массасы бірте-бірте +20+28°С-тан +25+32°С-қа дейін жылынады.

Сондай-ақ синоптиктер Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы атмосфералық фронт әсерінен будақ бұлттар пайда болуы мүмкін екенін айтты: найзағай ойнап, жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. 

Бұған дейін Абай облысында өткінші жаңбыр жауатынын хабарлаған болатынбыз.

Фото: mixyfotos.ru