Оның елден қалай қашып кеткені белгілі болды.
Генерал Күдебаевтың шекараны қалай және қай жерден кесіп өткені анықталды
1,678
оқылды

Бас прокурордың орынбасары Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы, генерал Серік Күдебаев мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін жауапқа тартатынын мәлімдеген болатын.

Мәжілісте Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтің мәлімдеуінше, Күдебаевтың айғақтарына сәйкес ол шекара бекетінен тыс аймақтағы қоршаудың астынан өз бетінше өтіп кеткен.

    "Бұл Алматы облысы Кеген ауданында болған", деп нақтылады Бас прокурордың орынбасары.


Сондай-ақ Күдебаевты шекараға көлікпен жеткізгені белгілі болды. Бірақ оның жоспарын жүргізуші білмегендіктен, жауапкершілікке тартылмайды.

Еске сала кетейік, наурыз айының басында Серік Күдебаев ауруханаға түсіп, соңғы сөзін айту үшін сотқа келмеді. Кейін бұл процесс бірнеше рет кейінге шегерілді. Прокурор оны "билік пен өкілеттікті асыра пайдаланды" деген айыппен 9 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Өткен жылдың сәуір айының соңында Серік Күдебаев өз өтінішімен Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылған болатын. Сол жылдың мамыр айында ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды. Осы жылдың қаңтар айында Күдебаевқа қатысты сот отырысы өтті. Кейін Күдебаевтың шетелге қашып кеткені белгілі болды.

фото:zakon.kz