Спортшының шешімін Халықаралық бокс ұйымының президенті Эд Левин мәлімдеді.
Геннадий Головкин тағы бір атағынан бас тартты
1,012
оқылды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулынан ресми түрде бас тартты. Спортшының шешімін Халықаралық бокс ұйымының президенті Эд Левин мәлімдеді.

    "GGG IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартқанын үлкен мақтанышпен және мұңая хабарлаймыз", – деп келтіреді britishboxingnews Левиннің сөзін.


"Геннадий мен IBO арасындағы сыйластық пен құрмет 12 жылға созылды және ол IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін 22 жекпе-жектен тұрады. GGG бұл жолды 2011 жылы орта салмақ дәрежесінде алғашқы ретінде бастады және осы күнге дейін солай болып келе жатыр.

Баршамызға белгілі, әлем чемпионаты басталғанда басты қарсыластар онымен жекпе-жектен салмақты себеппен қашқақтады.

15 жекпе-жекті қатарынан нокаутпен жеңуі оның себебін анық көрсетеді. Үздік боксшы ешқашан нокдаунға түскен емес",  – деді IBO басшысы.