Олармен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілген
Әлеуметтік желіде қару-жарақтарын көрсеткен жігіттер ұсталды
1,101
оқылды

Алматы полициясы әлеуметтік желіде қару-жарақтарын көрсеткен жігіттердің ұсталғанын мәлім етті.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 1997, 1998 және 1995 жылы туған азаматтар әлеуметтік желіде қару-жарақтарын көрсеткен. Алғашқы болып бұл әрекетке Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әрекет етті.

«Күдіктілер ұсталды. Олардан 16 оқ-дәрісі бар MP371 тапаншасы тәркіленді. Ұсталғандардың жеке басы қандай да бір заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілетін болады. Сондай-ақ, олармен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.