Ол 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды.
Есірткіге мас күйінде ұсталған Төреғали Төреәліге қатысты сот үкімі шықты
42,947
оқылды

Алматыда есірткіге мас күйінде көлік тізгіндеп, полицияға ұсталған жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы қалалық сотының мәліметінше, есірткіге масайған көлік жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.

«Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында көлік құралдарына зақым келтіруге әкеп соққан есірткіге мас күйінде көлік құралын басқару фактісі бойынша азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот 2023 жылдың 14 маусымында А. мас күйінде көлік жүргізіп, патрульдік көлікке шабуыл жасағанын анықтады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктерге механикалық зақым келген»,- деп хабарлады ведомстводан.

Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді растады және өкінетінін айтты.

«Сот қаулысы бойынша А. ӘҚКо 608-б, 3-б көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оны 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, оған 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды»,- делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.