Полиция басқармасы осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады
Ақмола облысында танысына пышақ сұққан әйел ұсталды
842
оқылды
Ақмола облысында танысына пышақ сұққан әйел ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz-ке сілтеме жасап.

10 маусымда сағат 00:50-де Степногорск қаласының полиция басқармасына қалалық аурухананың қабылдау бөлімінен 26 жастағы жергілікті тұрғын жеткізілгені туралы хабар түскен, оған оң жақтағы іш қабырғасының тесілген-кесілген жарасы, алкоголь ішіп, мас болғаны туралы диагноз қойылды.

Алкоголь ішімдіктерді ішіп, ауызша жанжал шыққан соң зардап шеккен адамға дене жарақатын салған, жақын маңдағы елді мекендердің бірінің тұрғыны, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 43 жастағы танысы анықталды.

Полиция басқармасы осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеуді бастады. Заттай дәлел, атап айтқанда пышақ тәркіленді.