Петропавлда 100 жыл бұрын көмілген адам сүйектері табылды, деп хабарлайды полиция.
Петропавлда 100 жыл бұрын көмілген адам сүйектері табылды
1,017
оқылды

14 маусым таңғы сағат 9:59 шамасында Петропавл қаласы полиця бөлімінің 102 жедел арнасына телефон қоңырауы түскен.

Онда «Қарасай» стадионын қайта жаңғырту жұмысы кезінде адам сүйектері табылғаны айтылған.

Алдын ала анықталғандай, сүйектер 100 жыл бұрын осы аумақта болған зиратқа тиесілі.

Аталған факт Петропавл қаласы ПБ екінші бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді.