«Қазгидромет» синоптиктері 15 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Ауа райы: бүгін оңтүстікте шаңды дауыл соғады
3,516
оқылды

Жоғары қысымның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, солтүстік-батыста фронттардың ықпалымен найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, оңтүстікте дауыл тұрады.

Республика бойынша жел күшейеді, орталықта, күндіз батыста шаңды дауыл соғады.

Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында аптап ыстық болады.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Ұлытау облысының орталығы, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.