Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бұйрық шығарды.
Министр Ербол Қарашөкеев бұқа мен қойды экспорттауға квота енгізді
1,680
оқылды

Ол «Ауыл шаруашылығы жануарларын ҚР аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«ҚазАқпараттың» дерегінше, Қазақстаннан шетелге, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге 60 000 бас тірі ірі қара малды және 120 000 бас тірі қой мен ешкіні әкетуге 6 ай мерзімге квота енгізілді. 

Бұйрықта көрсетілген шектеуден артық мал басын экспорттауға тыйым салынады. 

Құжатқа сәйкес, бұқаны карантинге қою үшін лимит – 60 мың бас. Оның ішінде:

– бордақылау алаңдары үшін – 30 000 бас;

– тауар өндірушілер үшін – 30 000 бас.

Ал қошқарды карантинге қою үшін лимит – 120 мың бас. Оның ішінде:

– бордақылау алаңдары үшін – 30 000 бас;

– тауар өндірушілер үшін – 90 000 бас.

Қазақстаннан бұқаны шетелге сатуға квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит 500 бастан аспайды. Тауар өндіруші үшін 200 бастан көп болмауы тиіс. Еркек тоқтыларды әкетуге квота алуға үшін бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жалпы көлемі – 1 000, бір тауар өндіруші үшін – 500 бас.

Бұйрық 23 маусымнан бастап күшіне енеді.

Фото: aksanatengineering.satu.kz