Бөлінген қаражат «Ақ Ертіс» қорына аударылады.
ERG Абай облысындағы орман өртінің зардаптарын жоюға 300 миллион теңге бөледі
1,209
оқылды

Eurasian Resources Group (ERG) Абай облысындағы өрттің зардаптарын жоюға 300 млн теңге бөледі. 

Абай облысы әкімдігінің келісімімен ERG бөлген қаражат – 300 млн теңге «Семей орманы» табиғи резерваты аумағында отқа оранған орман алқабын қайта қалпына келтіруге және өрттің салдарынан жоюға жұмсалмақ.

– Абай облысындағы алапат өрт баршамымыздың қабырғамызға батты. Осындай сәтте ұйысып, бірлігіміз бекем болуы керек. Алдағы уақытта өрттің салдарын жою қамында ауқымды жұмыс атқарылуы қажет. Компания тарапынан бөлінген қаражат қалпына келтіру және аймаққа тиісті көмек көрсету мақсаттарына бағытталады, – деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

Өткен жылдың қыркүйегінде ERG Қостанай облысындағы алапат өрттің зардаптарын жоюға да қомақты қаражат бағыттаған болатын. Бұл қаржы өртке оранған алқаптарда орманды қалпына келтірумен айналысатын ұйымдарға аударылды.