«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қазақстандықтарға интернет алаяқтардан сақ болуды ескертеді.
Алаяқтар «ҚазМұнайГаз» атын жамылып қазақстандықтарды ақша табуға шақыруда
1,689
оқылды

Алаяқтар интернетте «ҚазМұнайГазға инвестиция салып, жоғары табысқа кенел» деген желеумен оңай жолмен ақша табуға шақыратын жалған жарнаманы жаппай таратуды жалғастырып жатыр.

Қазақстандықтарды сақ болып, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз.

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін «ҚазМұнайГаздың» бағалы қағаздарын тек лицензиясы бар брокерлік компаниядан немесе Tabys қосымшасы арқылы сатып алу болатынын естеріңізге саламыз.

Брокердің лицензиясының бар-жоғын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің веб-сайтынан анықтауға болады. 

Tabys қосымшасы туралы tabysapp.kz ресми сайтынан оқи аласыз. 

Компанияның қызметі туралы ақпарат www.kmg.kz сайтында, сонымен бірге компанияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады:

Instagram: @kazmunaygaspress 

Telegram: @kmgpress 

Facebook: @kazmunaygaspress

Youtube: @KazMunaiGas

ҚР азаматтары қаржы қызметтерін тұтынушысы ретінде өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша қосымша кеңес алу үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне «1459» нөмірі бойынша хабарласа алады.