Оқиға 11 маусым күні, Қостанай облысындағы саябақта болды.
Қостанайда қатты жел салдарынан баланың үстіне ағаш құлады
874
оқылды

Қостанайда қатты жел тұрып, 13 жастағы баланың үстіне ағаш құлады деп хабарлады  ҚазАқпарат Аlau.kz-ке сілтеме жасап.

«Балалар алаңда ойнап жүрген. Кенет жел тұрып, басқа балалар тұра жүгіргенде, менің ұлым қашып үлгермеді. Оның үстіне ағаш құлап, есінен танып қалды. Маңайда жүрген үлкендер жедел жәрдем шақырды. Ұлымның басы жеңіл жарақаттанған»,- деді баланың анасы.