Абай облысындағы өрт 20 маусымға дейін оқшауланады.
Өрт 5 күн ішінде оқшауланады – ТЖМ
746
оқылды

Абай облысындағы алапат өртті бес күн ішінде толықтай оқшаулау жоспарланып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, өртті сөндіру үшін Министрлік резервінде су төгетін 33 тікұшақ бар. Алайда олардың тек 16-сы ғана өртті өшіруге қатыса алады.

"Қалғандары іздеу жұмыстарына, барлауға арналған. Бірақ олардың барлығы әуеге көтеріле алмайды. Өйткені әрдайым жартысына жуығы жоспарлы жөндеуден немесе техникалық тексерістен өтеді", – деді ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев.